Соңғы қоңырау сыңғыры

    bko-karatobe·
    Соңғы қоңырау сыңғыры
    Соңғы қоңырау сыңғыры
    Қаратөбе ауданының орталығындағы Мұхит атындағы ЖОББ мектебінде оқу жылын қорытындылауға арналған «Білімім – Отаныма...» атты соңғы қоңырау салтанаты өтіп, болашақ маман иелерін мектеп қабырғасынан түлеп ұшырды.
    Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Ғабит Ғазиев қатысып, мектеп бітірген жас түлектерді құттықтады.
    – Білім беру саласы нәтижесінің индикаторлық көрсеткіштерінің бірі – мектеп түлектерінің орналасуы болса, 2024-2025 оқу жылын аудан бойынша 2548 оқушы аяқтады. 11-сыныпты 182 түлек тәмамдап, оның ішінде 4 түлек «Алтын белгі» белгісін, 11 түлек «Үздік аттестат» иеленді. Жоғары оқу орындарының грантын 105 түлек иеленді, ол жалпы түлектің 57,6% құрайды.
    Биылғы 2025–2026 оқу жылында 11-сыныпты 156 бітіруші аяқтайды, 8 түлек «Алтын белгі» белгісіне, 12 түлек «Үздік аттестатқа» үміткер. 9-сыныпты 213 оқушы аяқтаса, оның 18-і «Үздік аттестат» үміткерлері. Жас түлектеріміздің алдағы өмір жолына нық қадам басып, елінің мақтанышына айналатынына сенім білдіреміз.
    Оқу жылы бойы сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында аянбай еңбек еткен ұстаздар қауымына зор алғыс айтамыз. Сондай-ақ, бала тәрбиесінде мектеппен тығыз байланыс орнатқан ата-аналарға ризашылығымызды білдіреміз.
    Қымбатты түлектер! Алдарыңыздан ашылатын жаңа өмір жолы сәттілікке, үлкен мүмкіндіктерге толы болсын. Арман-мұраттарыңыз орындалып, биік белестерді бағындыра беріңіздер, - деді аудан әкімінің орынбасары Ғабит Талаптанұлы.
    Мерекелік жиында мектеп директоры Мәди Аманжолұлы құттықтау сөз сөйлеп, мектеп бітірушілерді, ата-аналарды құттықтап, ұстаздар қауымына алғысын жеткізді.
    Мұхит мектебінде Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері Баймұқан Бейбітов ұрпақтары атынан Бақтыгүл Баймұқанова жас түлектерді құттықтап, үздік 10 оқушыға бір реттік шәкіртақы ұсынды. Жас түлектердің ата-аналары атынан Чинара Ташматова ұстаздарға алғысын жеткізді.
    Одаң соң мектепті 1986 жылы аяқтаған, 40 жылдық түлектері атынан Каримолла Хайыров сөз алып, білім алған алтын ұяларына ыстық ықыласын жеткізді.
    Ұстаздар мен алтын ұя мектебіне алғысын білдірген мектеп бітіруші түлектер әсем әннің ырғағында вальс толқынына тербеліп, ұстаздарға сый-құрмет жасады.
    Шарада білім кілті табысталып, соңғы қоңырауды мектеп түлектері Ермұрат Ержанұлы мен Шұғыла Төлеген сыңғырлата соғып, жас түлектердің қимас сезімдерін жеткізгендей әсер қалдырды.
    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.