Депутаттар әлеуметтік сала нысандарын аралады

    maslihat-orda·
    Депутаттар әлеуметтік сала нысандарын аралады
    Депутаттар әлеуметтік сала нысандарын аралады
    Бүгін,10 маусым күні қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев, депутаттармен бірге Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті сессиясында қаралатын негізгі мәселе – «Қызылорда қаласы бойынша әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы жандарға көмек көрсету және оларды жұмыспен қамтудың жай-күйімен» танысып, талқылау мақсатында қаланың әлеуметтік қорғау саласы нысандарын аралады.
    Депутаттық аралауға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшыларының орынбасарлары, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, салаға қатысты мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
    Ең алдымен депутаттар қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысымен танысты.
    Бөлім жергілікті деңгейде халықты жұмыспен қамту және мемлекеттік, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді үйлестіру бағытында 16 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
    Депутаттар аралау барысында осал топтағы жандарға әлеуметтік көмек көрсету және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау бөлімшелерінің мамандарымен, сондай-ақ қызмет алушы тұрғындармен пікірлесті.
    Пікірлесу барысында депутаттар бөлімнің халыққа сапалы қызмет көрсету жұмыстары мен мүгедектігі бар адамдарға арналған екінші қабатқа көтерілгіш құрылғысын орнату туралы ұсыныстарын назарға алды.
    Сонымен қатар, депутаттар «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесімен танысты.
    «Қызылорда қаласының Мансап орталығы» жыл басынан бастап 5 рет «Бос жұмыс орындары» жәрменкесі өткізген. Жәрмеңкеге барлығы 107 жұмыс беруші мекемелерден 1401 бос жұмыс орындары ұсынылып, 1553 адамға жолдама беріліп, 252 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
    Депутаттар жұмыс іздеуші жастармен, тұрғындармен сұхбаттасып, алдағы уақытта «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкелерін әлеуметтік желілер мен БАҚ-да кеңінен ақпараттандырып отыру қажеттігін көтерді.
    Одан кейін депутаттар Қызылорда қалалық отбасын қолдау орталығының жұмысымен танысты.
    Жыл басынан бері кеңес беру және кешенді сүйемелдеу бағыты бойынша орталық мамандарымен 1026 азаматқа жалпы саны 1058 қызмет көрсетілген.
    Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға уақытша тұру мүмкіндігін беру арқылы қолдау көрсету көзделген. Осыған орай, орталықта азаматтарды уақытша орналастыруға арналған арнайы жатын орындар мен бейімделген бөлмелер болуы қажеттігі туындауда.
    Сондай-ақ, орталықтың техникалық мүмкіндігін күшейтіп, ғимаратты күрделі жөндеу мәселесі, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардан түсетін өтініштерді қабылдайтын «111» республикалық байланысы және FSM cosial бағдарламасын ақпараттандыру, олардың әлеуметтік жағдайын зерттеу жұмыстары да депутаттардың назарына алынды.
    Сонымен бірге, депутаттар зейнеткерлерге жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды.
    Мекеме 2009 жылдың қазан айында 10 орындық болып ашылды. Ғимарат 2 қабатты, қызмет алушылар бөлмелерге орналастырылған.
    2013 жылдың мамыр айында 50 орындыққа ұлғайтылып, қазіргі таңда орталық жылына кем дегенде қаланың 480-500 жуық ардагерлеріне қызмет көрсетілуде.
    Орталық емдік бөлмелермен, дәрі егу, физиотерапия бөлмесі, уқалау, емдік дене шынықтыру бөлмесі, акт залы, кітапхана бөлігі, психология бөлмесі, асханамен қамтылған.
    Депутаттар орталықта қызмет алушы ардагерлермен, сала мамандарымен кездесіп, орталықтың қызмет аясын кеңейту, материалдық-терникалық базасын нығайту, ардагерлердің қоғамдық көлікте жеңілдіктермен жүруін қарастыру жөніндегі ұсыныс-пікірлері талқыланды.
    Депутаттық аралау барысында көтерілген ұсыныстар-пікірлер шешім жобасына енгізіліп, алда өтілетін қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына шығарылатын болады.
    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.