Денсаулық- басты байлық

    ulytau-zhanarka-eraliev·
    Денсаулық- басты байлық

    Аулымызға аудандық ауруханадан жылжымалы диагностикалық медициналық кешен келіп, тұрғындарға қызмет көрсетті.

    Аталған кешеннің көмегімен тұрғындарға тексерулер жүргізілді. Атап айтқанда , ішкі ағзаларға, оның ішінде өт қабы, бауыр, бүйрек, үйқы безі ультрадыбыстық зерттеулер жасалды.

    Сонымен қатар қан талдауы алынып, гемоглобин деңгейі, қандағы қант мөлшері және холестерин көрсеткіштері анықталды.

    Бұл диагностикалық шаралар тұрғындардың денсаулық жағдайын кешенді түрде бағалауға түрлі ауруларды ерте кезенде анықтауға мүмкіндік береді.

    Жылжымалы медициналық кешен заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген және тексерулер білікті мамандаодың қатысуымен жүргізілуде.

    Тұрғындар көрсетілген медициналық қызметтерге ризашылықтарын білдіріп, еңбектеріне зор табыс тілеп баталар айтты.

    Кешеннің жұмысы Ақбастау және РЗД 189 км елді мекендерінде жалғасын табатын болды.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.