
Аудандық білім беру бөлімі мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бірлескен жоспарына сәйкес аудан көлемінде өткізілген «Жас құтқарушы» слетінде жеңімпаз атанған Мұхит атындағы ЖОББМ оқушылары облыстық кезеңге қатысып, жетекшілері Биялиев Мержан мен Жұмағалиев Мұхтарханның жетекшілігімен жүлделі І орынды иеленді.
Нәтижесінде команда республикалық кезеңге жолдама алды.
Жеңімпаз оқушылар мен жетекшілерін шын жүректен құттықтап, алдағы сындардан биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!



