2026 жылғы 10 маусымда Шортанды ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ахметова Ш.Х.-ның төрағалығымен, аудандық мәслихат төрағасы Садвокасов Г.А. және аудан әкімі аппаратының басшысы Сейфидинов А.В.-ның қатысуымен мемлекеттік қызмет ардагерлерімен кездесу өтті.

    aqmola-shortandy·
    2026 жылғы 10 маусымда Шортанды ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ахметова Ш.Х.-ның төрағалығымен, аудандық мәслихат төрағасы Садвокасов Г.А. және аудан әкімі аппаратының басшысы Сейфидинов А.В.-ның қатысуымен мемлекеттік қызмет ардагерлерімен кездесу өтті.

    Іс-шара аясында мемлекеттік қызмет ардагерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Кездесу жақсы көніл-күйде өтіп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, мемлекеттік қызметтің жетістіктерін сақтауға және кәсіби тәжірибе алмасуға бағытталды.
    Кездесу барысында ардагерлер өздерінің еңбек жолындағы естеліктерімен бөлісіп, аудандағы мемлекеттік қызметтің қалыптасуы мен дамуы туралы әңгімеледі. Сондай-ақ жауапкершілік, өз ісіне адалдық және қоғам мүддесіне қызмет ету секілді қасиеттердің маңыздылығын атап өтті.
    Шолпан Хасенқызы ардагерлерге көпжылдық адал еңбегі, Шортанды ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және жас мамандарды тәрбиелеудегі еңбегі үшін шынайы алғысын білдірді. Сонымен қатар, олардың жинақтаған мол тәжірибесі қазіргі мемлекеттік қызметшілер үшін баға жетпес үлгі екені ерекше атап өтілді.
    Дөңгелек үстел барысында қатысушылар мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру, кәсіби әдепті нығайту және жас қызметкерлер арасында патриоттық құндылықтарды қалыптастыру мәселелерін талқылады. Ерекше назар тәлімгерлік институтын сақтауға, сондай-ақ жас мамандарға білім мен тәжірибе беруге аударылды.
    Кездесу соңында ардагерлерге алғыс сөздер айтылып, зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тілінді. Көпжылдық еңбектері мен мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлестері үшін ардагерлерге естелік сыйлықтар табыс етілді. Қатысушылар мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға, мемлекеттік қызметтің жағымды жақтарын сақтауға және оның беделін арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.