Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері бойынша жұмыс кездесуі

    departament-kkbtu-pavlodar·
    Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері бойынша жұмыс кездесуі

    Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері бойынша жұмыс кездесуі

    AMANAT партиясының Павлодар облыстық филиалында Өңірлік кеңестің «Білім беру» және «Денсаулық сақтау» бағыттары бойынша жұмыс топтарының отырысы өтті.

    Кездесуге Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Алиев Батырбек қатысты.

    Отырыс барысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға арналған сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлердің дайындығына қатысты мәселелер қаралды.

    Қатысушылар жазғы сауықтыру науқаны кезеңінде санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру және ведомствоаралық өзара іс-қимыл шараларын талқылады.

    Сондай-ақ, Павлодар облысының медициналық ұйымдарының медициналық қауымдастықтың кәсіби әлеуетін дамытуға бағытталған AMANAT партиясының «Dáriger Talks» кейс-платформасының өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу мәселесі қарастырылды.

    Кездесу қорытындысы бойынша қойылған міндеттерді іске асыру және Өңірлік кеңестің ұсынымдарын орындау жөніндегі алдағы қадамдар айқындалды.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.