
Медицина қызметкері күні қарсаңында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету ісіне 30 жылдан астам еңбек жолын арнаған Май ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау, қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы Бекмұханбетова Гүлзира Қазбекқызына алғысымызды білдіреміз.
Еңбек жолын 1992 жылы Павлодар медициналық училищесін «Гигиена, санитария және эпидемиология» мамандығы бойынша тәмамдағаннан кейін бастады. Оның кәсіби қызметінің басым бөлігі Павлодар облысының Май ауданымен байланысты. Осы жылдар ішінде ол туған аудан тұрғындарының санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мәселелерді шешуге белсене қатысып келеді.
Қызмет барысында санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, аурулардың алдын алу және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру салаларында мол тәжірибе жинақтады.
Ол қоғамдық денсаулықты нығайтуға, аурулардың алдын алуға және аудан тұрғындарының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға белсенді қатысады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хатымен марапатталған.
Әріптестері оны көпжылдық тәжірибесі мен жас мамандарға білімі мен тәжірибесін үйретуге әрдайым дайын болатындығы үшін жоғары бағалайды.
#МеніңСүйіктіДәрігерім



