
Атырау облысы полиция департаментінің Анықтау басқармасы қоғамдық көлік қатысатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Атырау қаласы аумағында жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын мекемелер өкілдерімен кездесу өткізді. Іс-шара барысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының туындауына әсер ететін негізгі себептер талқыланды.
Кездесу барысында қоғамдық көлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жылдамдық режимін бұзбау, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік құралдарының техникалық жай-күйіне тұрақты бақылау жүргізу қажеттігі түсіндірілді. Сондай-ақ, қатысушыларға жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды күшейту жөнінде ұсыныстар берілді.



