
Жуалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінде Төтенше жағдайлар департаментінен берілген жаңа Holmatro апаттық-құтқару құралдарының тактикалық мүмкіндіктері мен жұмыс істеу қағидалары бойынша оқу сабағы өткізілді. Сабақты Жедел құтқару жасағының қызметкерлері жүргізді. Іс-шара барысында мамандар құралдардың техникалық мүмкіндіктерін түсіндіріп, оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарына тоқталды. Сонымен қатар қатысушыларға практикалық жаттығулар көрсетіліп, жаңа жабдықпен жұмыс істеу дағдылары пысықталды. Мұндай сабақтар құтқарушылардың кәсіби дайындығын арттырып, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрі тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді.
Жамбыл облысы ТЖД



