
Қызметкерлердің еңбек құқықтарының бұзылуының алдын алу және еңбек қатынастары саласындағы құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің өкілдері «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Еңбек заңнамасы басқармасының басшысы Мукушев Жанболат Қамалиевич және Еңбекті бақылау және талдау басқармасының бас сарапшысы Марал Аюхан кәсіпорын қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негізгі нормаларын, Еңбек кодексіне енгізілген өзекті өзгерістерді, сондай-ақ қызметкерлер мен жұмыс берушілердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселелерін түсіндірді.
Іс-шара барысында еңбек қатынастарын рәсімдеу, жұмыс және тынығу уақыты режимін сақтау, еңбекақы төлеу, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау тетіктері мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, еңбек заңнамасын қолдану бойынша практикалық ұсынымдармен танысты.



