Отандық әзірлемелерді коммерцияландыру: Астанада кардиохирургия және ағзаларды трансплантациялау үшін медициналық бұйымдар өндіретін зауыт пайдалануға берілді

    2026 жылғы мамырда Астанада «Heart Center Foundation» қоғамдық қорының пластикалық медициналық бұйымдар өндіретін зауыты іске қосылды. Өнім шығару тамыз айына жоспарланған. Жоба Мемлекет басшысының жоғары технологиялық өндірістерді дамыту және отандық ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асырудың нәтижесі.

    UMC қорының басқарма төрағасы Юрий Пяның айтуынша, кәсіпорын ALEM (Astana Life Ex-situ Machine) медициналық жабдығын шығаруға бағытталған. Бұл – донорлық ағзаларды ұзақ уақыт сақтауға, емдеуге және тасымалдауға арналған қазақстандық инновациялық медициналық аппарат. Сонымен қатар кәсіпорында реанимация, хирургия және денсаулық сақтау саласының басқа бағыттарына арналған шығыс материалдары, биоматериал алуға арналған контейнерлер, дренаждық құрылғылар және өзге де медициналық бұйымдар өндіріледі.

    «Heart Center Foundation» қоғамдық қорының директоры Мұрат Зауыровтың мәліметінше, өнім өткізудің негізгі нарығы Қазақстан мен ТМД елдеріне бағытталған. Жобаның жалпы құны 5,1 млрд теңгені құрайды, қаржыландыру қайырымдылық көмек есебінен қамтамасыз етілген. Кәсіпорында 54-тен астам жұмыс орны ашылды.

    https://t.me/KZgovernment

    #Астана #Индустриялықпарк #Қазақстандажасалған #Astana #Индустриальныйпарк

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.