«Денсаулық игілігі жолындағы мамандық»

    departament-kkbtu-pavlodar·
    «Денсаулық игілігі жолындағы мамандық»

    Медицина қызметкері күні қарсаңында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесімен және мемлекеттік қызметімен ұзақ жылдар бойы тығыз байланысты кәсіби жолдан өткен басшы — Тоғаева Бибіжан Сапарбекқызына алғысымызды білдіреміз.

    Бибіжан Сапарбекқызы 1992 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Гигиена, санитария және эпидемиология» мамандығы бойынша тәмамдады. Кәсіби білімін кеңейтіп, басқарушылық қабілеттерін жетілдіруге ұмтыла отырып, 1999 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды жоғары мектебін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп, екінші жоғары білім алды.

    Бибіжан Сапарбекқызының еңбек жолы 30 жылдан астам уақытты қамтиды, оның ішінде 26 жылдан астамы мемлекеттік қызметке арналған. Еңбек жолында ол терең кәсіби білімі мен жоғары ұйымдастырушылық қабілеті бар, жауапкершілігі мол басшы ретінде өзін таныта білді.

    Екібастұз қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы ретінде ол өз қызметінде әрдайым заңдылық қағидаттарын басшылыққа алып, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілікті ұстанып келеді.

    Оның көпжылдық еңбегі мен санитариялық-эпидемиологиялық қызметті дамытуға қосқан үлесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен, Павлодар облысы әкімінің Алғыс хаттарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

    Әріптестері оны кәсіби біліктілігі, мақсаткерлігі және ең күрделі жағдайларда да тиімді шешімдер таба білетіндігі үшін жоғары бағалайды.

    #МеніңСүйіктіДәрігерім

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.