
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қожабақы ауылында бой көтеріп жатқан заманауи спорт кешенінің құрылысы аяқталуға жақын.
Спорт кешенінің құрылысы жобасының құны 537,1 млн теңгені құрайды. Қазіргі таңда ғимараттың сыртқы құрылыс жұмыстары толық аяқталып, ішкі әрлеу, сырлау және сәндеу жұмыстары жүргізілуде. Инженерлік желілер толық тартылып, нысанды пайдалануға беру бағытындағы жұмыстар жоспарлы түрде жалғасуда.
Құрылыс жұмыстарын «Намыс-Құрылыс» ЖШС жүзеге асыруда.



