Балалардың жазғы демалысының қауіпсіздігі бақылауда

    departament-kkbtu-turkestan·
    Балалардың жазғы демалысының қауіпсіздігі бақылауда

    Балалардың жазғы демалысының қауіпсіздігі бақылауда

    Түркістан облысында балалардың жазғы сауықтыру демалысын қауіпсіз ұйымдастыру мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жұмыстары жүргізілуде.

    Қазіргі таңда Департаменттің бақылауында 27 маусымдық және 2 жыл бойғы сауықтыру лагері бар. Бүгінгі күні 24 лагерьден санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға өтініш түсіп, оның 17-сі қорытынды алып, өз жұмысын бастады.

    Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алған жазғы сауықтыру лагерьлерінің тізімі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтында орналастырылған.

    2026 жылы облыстың сауықтыру лагерьлерінде 35 500 мың баланы қамту жоспарлануда. Сондай-ақ 25 маусым мен 26 тамыз аралығында 851 мектеп жанындағы лагерьде 230 мыңға жуық бала демалыспен қамтылады.

    Лагерьлердің ашылуы алдында ауыз су сапасына, бассейн суларына және аумақ топырағына зертханалық зерттеулер жүргізіліп, санитариялық талаптарға сәйкестігі бағаланды. Сонымен қатар, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мақсатында кенелерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

    Балалардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету үшін балаларды сауықтыру объектілеріне арналған 10 күндік және 24 күндік үлгілік перспективалық мәзірлер енгізілді. Аталған мәзірлерді міндетті түрде басшылыққа алу және балалардың тамақтануын бекітілген мәзірге сәйкес ұйымдастыру бойынша лагерь басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

    Жазғы сауықтыру маусымы кезеңінде балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында бақылау жұмыстары жалғастырылатын болады.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.