«Денсаулық игілігі жолындағы мамандық»

    departament-kkbtu-pavlodar·
    «Денсаулық игілігі жолындағы мамандық»

    Жәлелов Абзал Ермекұлы – Ақсу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы, денсаулық сақтау жүйесіне және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету ісіне 30 жылдан астам ғұмырын арнаған тәжірибелі маман әрі білікті басшы.

    Еңбек жолын 1992 жылы Баянауыл аудандық ауылдық учаскелік ауруханасында фельдшер болып бастаған. Қарағанды мемлекеттік медицина институтында жоғары медициналық білім алғаннан кейін санитариялық дәрігер қызметін атқарып, Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесінде түрлі басшылық лауазымдарда еңбек етті.

    2020 жылдан бастап Ақсу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасын басқарып келеді. Оның жетекшілігімен қала тұрғындарының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бағытындағы маңызды міндеттер табысты жүзеге асырылуда.

    Көп жылғы адал еңбегі үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен, Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

    Жоғары кәсібилігі, өз ісіне деген адалдығы, жауапкершілігі және салмақты шешім қабылдай білу қабілеті әріптестерінің құрметіне және өңір тұрғындарының сеніміне ие болуына негіз болды.

    #МеніңСүйіктіДәрігерім

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.