Зеренді ауданы прокурорының өкімімен Зеренді ауданы әкімдігінің, аудандық полиция бөлімінің, «Зеренді ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК, Зеренді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының және Зеренді аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясының өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобын құрудың мақсаты – ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру мен есепке алудың толықтығын қамтамасыз ету, ветеринариялық бақылаудың тиімділігін арттыру, мал ұрлығының алдын алу, есепке алынбаған мал басын анықтау, малдың бақылаусыз жайылу фактілерінің жолын кесу, сондай-ақ ветеринариялық, салық және өзге де заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
Бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында ведомствоаралық жұмыс тобы мүшелерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді. Кеңес барысында проблемалық мәселелер талқыланып, қызметтің басым бағыттары айқындалды, ауылдық округтерге шығу кестелері бекітіліп, бірлескен іс-шаралар жоспары келісілді.
Ведомствоаралық жұмыс тобының қызметі аудан прокуратурасының тұрақты бақылауында.
Ақмола облысының прокуратурасы



