
Бүгін Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Нормативтік сөздік жасау қағидаттары және халықаралық тәжірибе» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық онлайн семинар өтті.
Іс-шараны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов ашып, ұлттық терминологиялық жүйені жетілдіру мен нормативтік сөздік қорды ғылыми негізде қалыптастырудың мемлекеттік тілдің дамуы үшін маңыздылығына тоқталды.
Семинар барысында нормативтік сөздік әзірлеудің ғылыми қағидаттары, терминологиялық жүйені жетілдіру, заң тілі сапасын арттыру, терминдерді біріздендіру және жасанды интеллект технологияларын тілдік сараптама жұмыстарына қолдану мәселелері кеңінен талқыланды.
Іс-шарада академик Шерубай Құрманбайұлы, филология ғылымдарының докторы Берікхан Иісбекұлы, профессор Сәрсенбай Құлманов, қауымдастырылған профессор Нұршат Жұмаділ, PhD доктор Таңат Нұрғазиев және бағдарламашы Нұрлан Меңдіғалиев баяндама жасап, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Сондай-ақ TEKSERU.KZ платформасының мүмкіндіктері таныстырылып, құқықтық мәтіндердің тілдік сапасын арттыруға арналған цифрлық шешімдер сөз болды.



