
2026 жылғы 6–9 маусым аралығында Самарқанд қаласында Өзбекстан Республикасының Экология және климаттың өзгеруі жөніндегі ұлттық комитеті ұйымдастырған халықаралық «Эко-Заковат» интеллектуалдық турнирі өтті.
Турнирге Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан командалары, сондай-ақ Өзбекстанның барлық өңірлерінің өкілдері қатысты.
Қазақстандық команда академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттерінен жасақталып, жарыс қорытындысы бойынша екінші орынды иеленіп, ақшалай сыйлыққа ие болды.
Турнир қатысушыларын марапаттаудың салтанатты рәсіміне Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулдығының қызметкері Абзал Нұрашов қатысты.
Интеллектуалдық сайыстардан бөлек, қатысушылар үшін Самарқанд қаласының тарихи көрікті орындарын аралауды қамтитын мәдени-танымдық бағдарлама және ағаш отырғызу экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Қазақстандық команданың халықаралық «Эко-Заковат» турниріне қатысуы жастар арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы тәжірибе алмасуды кеңейтуге және тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуге ықпал етті.



