Жетісу облысында есірткі жарнамасын жою бойынша акция өткізілді

    zhetysu-tekeli·
    Жетісу облысында есірткі жарнамасын жою бойынша акция өткізілді

    Текелі қаласында Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен өңірдегі жастар ұйымдарының өкілдері бірлесіп есірткі құралдарын насихаттайтын жазулар мен граффитилерді анықтау және жою жұмыстарын жүргізді.

    Іс-шара барысында заңсыз интернет-ресурстарға сілтеме жасайтын және есірткінің заңсыз айналымын насихаттайтын инфографикалар мен жазулар өшірілді. Мұндай ақпараттар көбіне жастарды есірткі қылмысына тартудың құралы ретінде пайдаланылады.

    Бірлескен шараның мақсаты – есірткінің таралуының алдын алу, жастарды зиянды ықпалдан қорғау және қауіпсіз қоғамдық ортаны қалыптастыру. Әрбір жойылған жазу – заңсыз ақпараттың таралуына қойылған тосқауыл және жастардың қауіпсіз болашағына қосылған үлес.

    Ұйымдастырушылар жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, есірткіге қатысты құқық бұзушылықтарға бейжай қарамаудың маңызын атап өтті.

    Дереккөз: ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми интернет ресурсы

    Жетісу облысында есірткі жарнамалары өшірілді

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.