
Жамбыл облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының қызметкерлері Жамбыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, «Мөлдір бұлақ» сауықтыру лагерінде демалып жатқан балалармен судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары да қатысып, балаларды сүңгуір жабдықтарымен, құтқару құралдарымен және арнайы техникамен таныстырды. Шара соңында «Jambyl» облыстық телеарнасының тілшілері түсірілім жасап, қатысушылардан сұхбат алды.
Жамбыл облысы ТЖД



