
2026 жылғы 10 маусымда Zoom платформасы арқылы бейнеконференцбайланыс режимінде Уразалинов Нұрлан Зарлықұлының төрағалығымен Жітіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия жұмысына мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Сессия барысында депутаттар 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 360 мәслихат шешіміне «Қостанай облысы Жітіқара ауданының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» өзгерістер енгізу мәселесін қарады. Жиын барысында қызықтырған сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді, шешім қабылданды.



