
АПВ-ға қарсы вакцина – жатыр мойны обырының алдын алудың тиімді тәсілі
Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Замзагүл Дощанова облыстық «Ертіс» телеарнасының «1 студия» бағдарламасына қатысып, адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы иммундау мәселесі бойынша сұхбат берді.
Сұхбат барысында АПВ-ға қарсы вакцинацияның маңыздылығы, оның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы айтылып, вакцинацияланатын қыздардың жас санатының кеңейтілгеніне ерекше назар аударылды.
Қазіргі уақытта АПВ-ға (адам папилломасы вирусына) қарсы жоспарлы вакцинация 11 жастағы қыздарға жүргізіледі. Сонымен қатар, бұрын АПВ-ға қарсы екпе алмаған 12–13 жастағы қыздарға толықтырушы иммундау аясында вакцина салынады. Бұдан бөлек, қосымша иммундау шеңберінде 14–17 жас аралығындағы қыздар мен жасөспірімдер де екпе ала алады.
АПВ-ға қарсы вакцина – жатыр мойны обырының және адам папилломасы вирусымен байланысты басқа да онкологиялық аурулардың алдын алудың тиімді тәсілі.



