
«Аю-тас» сауықтыру лагерінде ESIL.AI Creative IT-Center ұйымдастырған «Болашақ миссиясы» атты танымдық IT-квест өтті. Іс-шара барысында қатысушылар цифрлық технологиялар әлеміне саяхат жасап, логикалық ойлау, тапқырлық және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.
Квест бірнеше кезеңнен тұрды. Балалар жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттерді анықтап, эмодзи-кодтарды шешті, заманауи IT-сленгтің мағынасын тапты және «Матрицадағы қате» атты финалдық кезеңде қателерді іздеу тапсырмасын орындады. Әр кезең қатысушылардан біліммен қатар жылдамдықты, зейінділік пен ұжымда жұмыс істей білуді талап етті.
Ойын форматында өткен іс-шара балалардың заманауи технологиялар туралы білімдерін кеңейтіп, IT саласына деген қызығушылықтарын арттырды. Қатысушылар жаңа ұғымдармен танысып, цифрлық мамандықтардың мүмкіндіктері туралы пайдалы ақпарат алды.
Квест қорытындысы бойынша:
І орын – «Эко-Time» командасы;
ІІ орын – «Весёлые ребята» командасы;
ІІІ орынды «Метеор» және «Великолепная семёрка» командалары бөлісті.
Жүлделі орын алған командалар грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.
ESIL.AI Creative IT-Center қатысушыларға белсенділіктері мен қызығушылықтары үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта да осындай танымдық және шығармашылық іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр.



