31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

    atyrau-madeniet·
    31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

    31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

    Бұл күн – халқымыздың тарихындағы ең қасіретті кезеңдердің бірін еске алып, жазықсыз жапа шеккен миллиондаған адамның рухына тағзым ететін күн.

    Өткен ғасырдың 20–50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін жылдарында Қазақстанда 100 мыңнан астам адам сотталып, олардың 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді.

    Ұлт зиялылары – Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабаев бастаған тб Алаш қайраткерлері репрессия құрбанына айналды.

    Қазақстан аумағында ҚарЛАГ, АЛЖИР, СтепЛАГ сынды 13 ірі еңбекпен түзеу лагерьлері жұмыс істеп, онда мыңдаған адам жазықсыз қамауда болды. Сонымен қатар түрлі ұлт өкілдері туған жерінен күштеп көшіріліп, қазақ жеріне қоныстандырылды.

    1931–1933 жылдардағы алапат ашаршылық халқымызға орны толмас қасірет әкеліп, миллиондаған адамның өмірін жалмады.

    Қандай ауыр кезеңдерді бастан өткерсе де, қазақ халқы өзінің рухын сақтап, бірлігі мен адамгершілік қасиетін жоғалтқан жоқ.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.