
«ЖАС ДАРЫН – 2026» ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫ
Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Жас дарын – 2026» облыстық өнер байқауы өтті.
Өнер байқауы «Эстрадалық вокал», «Хореография» және «Бейнелеу өнері» жанрлары бойынша ұйымдастырылып, жас таланттардың шығармашылық қабілетін шыңдауға мүмкіндік берді.
Байқаудың басты мақсаты – талантты жас орындаушыларды анықтап, қолдау көрсету, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, жастарды өнерге баулу және музыкалық-эстетикалық тәрбие беру.
Байқау барысында қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, сахна мәдениеті мен шығармашылық шеберліктерін көрсетті. Әрбір өнерпаздың ерекше талпынысы мен ізденісі көрермен көңілінен шығып, жас дарындардың жарқын болашағына сенім сыйлады.



