kpb·

Төтенше жағдайлар вице-министрі Е.А. Садырбаев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басшылығымен кездесіп, қауіпсіздікті нығайту мәселелерін талқылады. Жиында кәсіпорынның қауіпті өндірістік объектілеріндегі ахуал жан-жақты қарастырылды. Корпорация басқарма төрағасының орынбасары С.Ш. Бакиров кеніштердегі бақылау және алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар, «Жомарт» кенішінде орын алған апатты тергеу нәтижесі бойынша әзірленген іс-шаралар кешенінің орындалу барысы сарапқа салынды.



