АРДАГЕРЛЕР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЖАСАЛДЫ

    zhambyl-sarysu-zhanaaryk·
    АРДАГЕРЛЕР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЖАСАЛДЫ
    АРДАГЕРЛЕР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЖАСАЛДЫ 🇰🇿
    Биыл Ұлы Жеңістің 81 жылдығы ауылдық округімізде кең көлемде аталып өтуде. 9 мамыр – Жеңіс күніне орай “Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алуға арналған” монументінде гүл қою рәсімі ұйымдастырылды.
    Іс-шара бір минуттық үнсіздікпен басталып, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің рухына тағзым жасалды. Шараға қатысқан ауылдық округ әкімі Жалғас Дүйсенұлы мен тыл ардагері Әділбеков Жұмашбек сөз сөйлеп, майдангерлердің ерлігі ұрпақ жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.
    Батырлардың ерлігі ұмытылмай, жас ұрпаққа үлгі болып қала береді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.