Ақтау қаласында «Senat Open – 2026» III ашық шахмат кубогінің жартылай финалы өтті.

    maslihat-zko·
    Ақтау қаласында «Senat Open – 2026» III ашық шахмат кубогінің жартылай финалы өтті.

    2026 жылғы 6 маусымда Ақтау қаласындағы Достық үйінде «Senat Open – 2026» III ашық шахмат кубогінің жартылай финалы өтті.

    Жарысқа Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының үздік шахматшылары қатысып, өзара шеберлік пен стратегиялық ойлау қабілеттерін сынға салды. Тартысқа толы бәсекеде қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, көрермендерге қызықты әрі әсерлі партиялар сыйлады.

    Турнир қорытындысы бойынша 53 қатысушы республикалық финалға жолдама иеленді. Финалдық кезең 2026 жылдың тамыз айында Астана қаласында өтеді.

    Номинациялар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

    Ардагерлер:

    1 орын- Қадырғалиев Нұрболат

    2 орын- Досмағанбетов Болатбек

    3 орын- Тоғұсов Уақбай

    Әйелдер:

    1 орын- Аманова Гүлжан

    2 орын- Ғабидуллина Айжан

    3 орын- Ахетова Айзат

    Мәслихат депутаттары мен мәслихат аппараттарының қызметкерлері:

    1 орын- Әбдірахман Қуанышбек

    2 орын- Алтаев Қайырбай

    3 орын- Низамутдинов Руслан

    Қоғамдық кеңестер мүшелері:

    1 орын- Мүбәрак Өтеген

    2 орын- Салихов Андарбек

    3 орын- Ұқасов Ғалым

    Құқық қорғау органдары мен күштік құрылым қызметкерлері:

    1 орын- Бисенғалиев Ғабит

    2 орын- Заурбек Бақдәулет

    3 орын- Сарман Абыл

    Мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компания қызметкерлері:

    1 орын- Сапиев Ерлан

    2 орын- Әбдірахманов Батыржан

    3 орын- Лұқпанов Бекзат

    Ғылым және білім беру саласының өкілдері:

    1 орын- Каширин Виталий

    2 орын- Таубаев Нұрғали

    3 орын- Ораков Артықғали

    Республикалық финалға жолдама алған қатысушылар:

    Избасаров Бауыржан, Каршигин Әділет, Асауов Еркенжан, Кульчиков Табылған, Мұталов Дамир, Шаймардан Тұрар, Жайлыбаев Мұналбай, Мәукенов Артур, Ерниязов Қуанышқали, Саркисов Александр, Ташов Мәди, Бекеев Жалғас, Куанов Марат, Жанклишев Дархан, Мурзабеков Жандос, Барлыбайұлы Ержан, Давлетов Серік, Нұрлыбеков Айбек, Дудниченков Михаил, Алдабергенов Жұмабек, Тұғыров Данабек, Қоразов Айболсын, Сериков Жасулан.

    Командалық есеп:

    I орын – Батыс Қазақстан облысы

    Команда құрамында: Каширин Виталий, Қадырғалиев Нұрболат, Заурбек Бақдәулет, Мүбәрак Өтеген, Алтаев Қайырбай, Дудниченков Михаил және Куанов Марат өнер көрсетті.

    II орын – Маңғыстау облысы

    III орын – Ақтөбе облысы

    Бүгінде «Senat Open» турнирі мемлекеттік қызметшілерді, мәслихат депутаттарын, қоғамдық кеңес мүшелерін және түрлі сала өкілдерін ортақ мақсатқа біріктіретін маңызды республикалық жобаға айналды. Бұл бастама қатысушылар арасында достық пен ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, шахмат спортын кеңінен насихаттауға және зияткерлік мәдениетті дамытуға зор үлес қосып келеді.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Ал республикалық финалға жолдама алған барлық қатысушыларға Астана төрінде өтетін шешуші додада толағай табыс пен жарқын жеңістер тілейміз!

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.