Балаларға дәрілік заттар босатылмайды

    dkmfk-akmola·
    Балаларға дәрілік заттар босатылмайды

    «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» РММ ақпараты бойынша, кәмелетке толмағандардың дене салмағын азайтуға арналған препараттарды және потенциалды қауіпті компоненттерді қамтитын басқа да құралдарды өз бетінше сатып алуының салдарынан өткір дәрілік улану жағдайлары тіркелді. Жағдайлардың бірі өліммен аяқталды.
    Қазақстан Республикасының «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 233-бабының 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген, сапасы денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сәйкестік сертификатымен расталмаған және денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек сатуға тыйым салынады.
    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек сату ережелерінің (бұдан әрі – Ереже) 18-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды бөлшек сату тіркелген дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды фармацевтикалық қызметке лицензиясы бар субъектілерден, немесе рұқсаттар мен хабарламалар туралы Заңда белгіленген тәртіпте қызметті бастау туралы хабарлаған субъектілерден сатып алу шарттарын сақтай отырып, Кодекстің 241-бабына сәйкес белгіленген тәртіпте сапасын бағалаудан өткен тіркелген дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды халыққа, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын, медициналық қызметке лицензиясы бар немесе рұқсаттар мен хабарламалар туралы Заңда белгіленген тәртіпте қызметті бастау туралы хабарлаған жеке тұлғаларға, сондай-ақ рецептсіз шығарылатын дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды үшінші тұлғаларға сату арқылы жүзеге асырылады.
    Сонымен қатар, Ереженің 16-2-тармағына сәйкес, балаларға дәрілік заттар босатылмайды.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.