Жетісу облысында полицейлер қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу деректерін күн сайын анықтап, жолын кесуде

    Жетісу облысының полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу, сондай-ақ адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін мас күйінде қоғамдық орындарда жүру фактілерін анықтау және жолын кесу бағытында күнделікті жұмыс жүргізуде.

    Жыл басынан бері қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу және адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін мас күйінде қоғамдық орындарда жүргені үшін 2195 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде Жедел басқару орталығының көмегі зор. Бейнебақылау жүйелері арқылы ЖБО қызметкерлері күн сайын осындай құқық бұзушылықтарды анықтап, олардың жолын кесуде. Бұл өз кезегінде өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері Жедел басқару орталығының көмегімен осындай 888 құқық бұзушылық анықталды.

    Полиция қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішуге, сондай-ақ адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін мас күйінде қоғамдық орындарда жүруге заңмен тыйым салынғанын

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.