Жетісу облысында Ұлттық ұланның әскери бөлімінде есірткі қылмыстарының алдын алу бойынша профилактикалық іс-шара өткізілді

    Жетісу облысында Ұлттық ұланның әскери бөлімінде есірткі қылмыстарының алдын алу бойынша профилактикалық іс-шара өткізілді

    Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5514 әскери бөлімінде Жетісу облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері бірлесіп профилактикалық рейдтік іс-шара өткізді.

    Іс-шара барысында қызметтік иттің көмегімен әскери бөлімнің автопаркі мен орналасқан аумағы тексерілді. Сонымен қатар, жеке құраммен есірткі құқық бұзушылықтары мен есірткі қылмыстарының алдын алу, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру мақсатында профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Мұндай іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, әскери тәртіп пен заңдылықты нығайтуға, сондай-ақ әскери қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

    Рейд қорытындысы бойынша тыйым салынған заттар мен өзге де заңсыз заттар анықталған жоқ.

    Жетісу облысының Полиция департаменті есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес және оның алдын алу бағытындағы жұмыстар тұрақты негізде жалғасатынын атап өтеді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.