Дәрілік заттармен тегін қамтамасыз ету

    dkmfk-akmola·
    Дәрілік заттармен тегін қамтамасыз ету

    Қазақстанда созылмалы және әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде дәрілік заттармен тегін қамтамасыз етілуге құқылы.
    Осылайша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 « Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығымен белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі бекітілген.
    Тегін дәрілік заттарды алу үшін пациент расталған диагнозымен диспансерлік есепте тұруы, учаскелік немесе бейінді дәрігерден «Электрондық үкімет» мобильді қосымшасындағы «Әлеуметтік әмиян» сервисі арқылы электрондық рецептті (QR-код) алып, оны тұрғылықты жері бойынша емханадағы дәріханада ұсынуы қажет.
    Қажетті дәрілік зат болмаған жағдайда, «СК-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьюторының тәулік бойы жұмыс істейтін 1439 тегін нөмірі бойынша байланыс орталығына жүгінуге болады.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.