Жастар қауіпсіздігі үшін: Текеліде есірткі жарнамасы жойылды

    Жастар қауіпсіздігі үшін: Текеліде есірткі жарнамасы жойылды

    Текелі қаласында Жетісу облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Жетісу облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілдері бірлесіп есірткі құралдарын насихаттайтын жазулар мен граффитилерді анықтау және жою жұмыстарын жүргізді.

    Іс-шара барысында заңсыз интернет-ресурстарға сілтеме жасайтын және есірткінің заңсыз айналымын насихаттайтын инфографикалар мен жазулар боялып өшірілді. Мұндай ақпараттар көбіне жастарды есірткі қылмысына тартудың құралы ретінде пайдаланылады.

    Бірлескен шараның мақсаты – есірткінің таралуының алдын алу, жастарды зиянды ықпалдан қорғау және қауіпсіз қоғамдық ортаны қалыптастыру. Әрбір жойылған жазу – заңсыз ақпараттың таралуына қойылған тосқауыл және жастардың қауіпсіз болашағына қосылған үлес.

    Ұйымдастырушылар жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, есірткіге қатысты құқық бұзушылықтарға бейжай қарамаудың маңыздылығын атап өтті.

    Жетісу облысының полициясы тұрғындарды күмәнді жазулар мен заңсыз ақпараттарды байқаған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.