
Аудан әкімі А.Жақсылықовтың жоспарлы есептік кездесуі аудан орталығы Шұбарқұдық кентінде өтті.
Кенттің 6 аумағында өткен кездесулер барысында Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімі Б.Сауытов округте атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы баяндап, алдағы кезеңге жоспарланған нақты жобалар мен міндеттерге тоқталды.
Тұрғындар елдімекенді абаттандыру, жолдарды жөндеу, көше жарығын орнату, коммуналдық қызметтер көрсету және өзге де өзекті мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
Аудан басшысы аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, әлеуметтік-экономикалық даму, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.
Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер мен ұсыныстар назардан тыс қалмайтынын айтып, әрбір мәселе кезең-кезеңімен шешімін табатынын жеткізді.
Кездесу барысында көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді.



