Шымкентте «Есірткісіз қала» акциясы өтті

    mvd-shymkent·
    Шымкентте «Есірткісіз қала» акциясы өтті

    Шымкент қаласында жастарды зиянды әдеттерден қорғауға және қоғамды есірткі қатерінен сақтандыруға бағытталған «Есірткісіз қала» атты ауқымды акция ұйымдастырылды. Қалалық полиция департаменті мен Жастар ресурстық орталығы бірлесе өткізген шараға коммуналдық қызмет мекемелерінің жұмысшылары, еріктілер, спортшылар және белсенді жастар қатысты.

    Акцияның негізгі мақсаты – есірткі заттарын заңсыз таратумен айналысатын қылмыстық топтардың әрекетіне тосқауыл қою, есірткі саудасына қатысты жасырын жарнамаларды жою және жастар арасында нашақорлықтың алдын алу.


    Бүгінде есірткі саудасының әдіс-тәсілдері өзгеріп келеді. Бұрынғыдай ашық сатудан гөрі интернет арқылы жасырын байланыс орнатып, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жұмыс істеу кең таралған. Мұндай жағдайда қылмыстық топтар әсіресе жасөспірімдер мен студент жастарды оңай олжа ретінде қарастырады.
    Шымкент қалалық Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Арман Бейсенбаевтың айтуынша, мұндай акция 2024 жылы да өткізілген.


    – Ол кезде де көптеген есірткі жарнамалары өшіріліп, заңсыз ақпараттық жазулар жойылды. Алайда қазір есірткі саудасы интернет кеңістігіне көшті. Сондықтан құқық қорғау органдары тәулік бойы мониторинг жүргізіп, олардың жолын кесу жұмыстарын жалғастырып келеді, – дейді ол.


    Жаз басталысымен мектеп оқушылары мен студенттер уақытша жұмыс іздей бастайды. Дәл осы кезеңде қылмыстық топтар жастарды алдап-арбап, «жеңіл табыс» ұсыну арқылы өз қатарына тартуға тырысады.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.