Терезеден құлаудың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шара өткізілді

    mvd-shymkent·
    Терезеден құлаудың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шара өткізілді

    Балалардың терезеден құлау фактілерінің алдын алу және ата-аналардың қауіпсіздікке қатысты жауапкершілігін арттыру мақсатында Төтенше жағдайлар қызметі өкілдерімен бірлесіп көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында түсіндіру-профилактикалық жұмыстары жүргізілді.

    Іс-шара барысында тұрғындарға балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнату, кәмелетке толмағандарды қараусыз қалдырмау жөнінде түсіндірме беріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.

    Мамандар тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырып, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау әрбір ата-ананың басты міндеті екенін ескертті.

    Құрметті ата-аналар! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, терезе маңына жиһаз орналастырмаңыздар және терезелерге қорғаныс бекіткіштерін орнатыңыздар. Қарапайым қауіпсіздік шаралары қайғылы оқиғалардың алдын алуға көмектеседі.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.