
2026 жылдың 3 маусым күні облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Жиында Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының бюджет және өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Салықов Е. Ғ. төрағалық етті. Тұрақты комиссиялар отырысына облыс әкімінің орынбасары Каюпов Т. Е., облыстық мәслихат депутаттары, сондай-ақ облыстық басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты 6 мәселе қаралды. Баяндамашылар өз салалары бойынша ақпарат беріп, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар ұсынды.
Қаралған барлық мәселелер бойынша ұсыныстар жинақталып, олар мәслихат сессиясында нақтыланып, тиісті шешімдер қабылданатын болады.



