
“ШЕБЕР FEST - 2026” ФЕСТИВАЛІНЕ
8000-ҒА ЖУЫҚ АТЫРАУЛЫҚ ЖИНАЛДЫ
“ШеберFEST – 2026”халықаралық қолөнер фестивалі ұлттық мұра мен руханиятты дәріптеген ауқымды мәдени оқиғаға айналды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен келген 100-ге жуық қолөнер шебері өз туындыларын көпшілік назарына ұсынды.
Фестиваль аясында 4000-ға жуық авторлық бұйым көрмеге қойылып, ұлттық қолөнердің сан қырлы ерекшелігі таныстырылды. Киіз басу, зергерлік өнер, ағаш ою, тоқыма, қыш құмыра жасау, этно-дизайн бағытындағы жұмыстар көрерменнің ерекше қызығушылығын тудырды.
Сонымен қатар, «ГастроFEST» алаңында
50-ге жуық кәсіпкер ұлттық тағамдар көрмесіне қатысты.
Этнодефиле мен концерттік бағдарлама фестиваль сәнін арттыра түсті. Қолөнер шеберлерінің шеберлік сағаттары мен ұлттық спорттық-танымдық ойындар да қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.



