
КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2026 жылдың 10 маусымында Жалағаш аудандық мәслихатының кезектен тыс 44-сессия отырысы аудандық мәслихат төрағасы Ө.Елеусіновтың төрағалығымен өтті. Сессияға аудан әкімінің орынбасары Ә.Байнахатов, бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- 1. «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 13-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Жалағаш ауданы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 ақпандағы №14-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Жалағаш аудандық мәслихатының жұмыс жоспарын бекіту туралы.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық мәслихаттың сайлау комиссияларын қалыптастыру жөніндегі жұмысшы топ төрағасы Қ.Досымов хабарлама жасады.
Хабарламашы «ҚР Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес түрлі себептермен учаскелік сайлау комиссиялары мүшелігінен шығып қалған азаматтардың орнына жаңадан енгізілетін сайлау комиссия мүшелерін атап өтіп, ашық дауыс беру арқылы сайлауды ұсынды. Депутаттар бір ауыздан ұсынысты қолдап, шешім жобасы бекітілді.
Екінші мәселелер бойынша аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Ж.Айбосынов аудан әкімдігінің дербес құрамына енгізілетін өзгерістермен таныстырып, келісім беруді сұрады. Депутаттар тарапынан қолдау тапты.
Соңғы мәселеге байланысты мәслихат төрағасы Ө.Елеусінов депутаттарды мәслихаттың 2026 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарымен таныстырып өтті.
Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бірауыздан депутаттармен бекітілді.
Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Ө.Елеусінов қорытындылады.



