
Ағымдағы жылдың 10 маусымда Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Павлодар облысы бойынша өкілі мен өңірдің адвокаттық қауымдастығының қатысуымен кездесу өтті. Кездесу қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы адам құқықтарын қорғау мәселелеріне арналды.
Талқылау барысында қорғау құқығын қамтамасыз ету, білікті заң көмегіне қолжетімділік және сотқа дейінгі тергеу мен сот талқылауы сатыларындағы іс жүргізу кепілдіктерін сақтау мәселелері қаралды.
Сонымен қатар құқық қолдану тәжірибесіндегі өзекті проблемаларды анықтау және адвокаттық қауымдастық пен Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл институты арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар адам құқықтарын қылмыстық сот төрелігі саласында қорғауды күшейту мақсатында әрі қарай ынтымақтастықты дайын екендіктерін білдірді.



