📢 «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурс жарияланды!

    aqmola-zhaksy·
    📢 «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурс жарияланды!

    📢 «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурс жарияланды!

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру жөніндегі конкурсқа өтінім қабылдаудың басталғанын хабарлайды.
    Биыл республикалық деңгейде 30 грант беру жоспарланған.
    📅 Өтінім қабылдау мерзімі:
    2026 жылғы 21 сәуір – 21 маусым аралығы.
    📌 Грант келесі бағыттар бойынша беріледі:
    🔹 - Ғылым
    🔹 - Мәдениет
    🔹 - Ақпараттық технологиялар
    🔹 - Бизнес
    🔹 - Медиа
    🔹 - Волонтерлік
    👥 Конкурсқа Қазақстан Республикасының 14 пен 35 жас аралығындағы азаматтары қатыса алады. Әр үміткер бір ғана бағыт бойынша бір өтінім бере алады.
    Бұл грант жастардың инновациялық идеяларын жүзеге асыруға, стартаптарды дамытуға, шығармашылық және қоғамдық бастамаларды қолдауға бағытталған.
    Жаңа жобаңыз болса, өз идеяңызды жүзеге асыру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
    #ТәуелсіздікҰрпақтары #ЖастарГранты #ЖастарСаясаты #АқмолаОблысы #ЖРО #ЖастарБастамасы

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.