Әр азаматтың өтініш жасау құқығы сақталады

    ombudsman-pavlodar-oblysy·
    Әр азаматтың өтініш жасау құқығы сақталады

    Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Павлодар облысы бойынша өкілі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандармен, сондай-ақ тергеу изоляторында ұсталатын адамдармен жеке қабылдау өткізді.

    Жеке қабылдау азаматтардың өтініш жасау құқығын қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің бірі болып табылады және адам құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қатысты мәселелерді тікелей жеткізуге мүмкіндік береді.

    Қабылдау барысында өтініш иелеріне Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен оның өкілдерінің өкілеттіктері, өтініштерді қарау тәртібі, сондай-ақ Уәкіл институтының құзыреті шегінде бұзылған құқықтарды қорғау мүмкіндіктері түсіндірілді.

    Айта кету қажет, Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар Адам құқықтары жөніндегі уәкілге және оның өкілдеріне жүгінуге құқылы. Өтініштер жазбаша және электрондық түрде, E-otinishплатформасы арқылы, сондай-ақ жеке қабылдау барысында қабылданады. Бас бостандығынан айыру орындарында және тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар үшін Уәкілге және оның өкілдеріне тікелей өтініш жолдау мүмкіндігі қамтамасыз етілген.

    Келіп түсетін өтініштерді талдау нәтижесі бүгінгі күні ең өзекті болып табылатын үш негізгі мәселені көрсетеді. Олардың қатарында сотталғандардың ұстау жағдайлары мен құқықтарының қамтамасыз етілуіне қатысты шағымдары, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыстық қудалау органдары қызметкерлерінің әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне қатысты шағымдар, сондай-ақ сот актілерімен келіспеушілікке байланысты өтініштер бар.

    Сонымен қатар азаматтарға Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің соттардың, прокуратура органдарының немесе қылмыстық қудалау органдарының қызметін алмастырмайтыны түсіндіріледі. Дегенмен, заңнамада белгіленген өкілеттіктер шеңберінде Уәкіл мен оның өкілдері өтініштердің мән-жайын зерделеу мақсатында қажетті ақпаратты сұратуға, тексерулер жүргізуге, мекемелерге баруға және адам құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған ден қою актілерін енгізуге құқылы.

    Азаматтардың, оның ішінде мәжбүрлеп ұстау орындарындағы адамдардың өтініштерін қарау Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.

    Тарасенко И.В. жеке қабылдауына жазылу 8(7182)373075 нөмірі бойынша

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.