Келес ауданында қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған жобалар жүзеге асуда

    prokuratura-turkestan·
    Келес ауданында қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған жобалар жүзеге асуда

    Келес ауданының прокуратурасы «Айқын нәтиже» және «Қауіпсіз балалық шақ» жобалары іске асыру аясында аудан кәсіпкерлерімен бірлесіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарды алдын алу бағытында кешенді жұмыстар жүргізуде.

    Жоба аясында Абай ауылындағы 24 кәсіпкердің қолдауымен 7 млн теңге көлемінде қаражат жиналып, аудан аумағындағы жаяу жүргіншілер өткелдері жаңартылды.

    Атап айтқанда, жолақтар айшықты бояулармен қайта сызылып, істен шыққан жарық шамдары ауыстырылды.

    Кәсіпкерлердің демеушілігімен жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін арттыру мақсатында 18 жарықдиодты проектор алдырылып, білім беру ұйымдарының маңына және жол-көлік оқиғалары жиі орын алатын қауіпті аймақтарға орнатылды.

    Сонымен бірге, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Келес аудандық полиция бөліміне 10 дана «Nokia» рациясы және 2 дана «DJI Mavic 4 Pro» маркалы дрон сатып алынды.

    Демеушілік көрсеткен кәсіпкерлерге прокуратура тарапынан алғыс хаттар табысталды.

    Қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мұндай жобалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін болады.

    Түркістан облысының прокуратурасы

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.