Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің № ҚР ДСМ-75 бұйрығы аясында азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету

    dkmfk-sko·

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі шеңберінде жекелеген аурулар бойынша амбулаториялық ем қабылдау кезінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды алу құқығы бар екенін еске салады.

    Пациенттерді дәрілік заттармен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-75 «Белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

    Бекітілген тізбеге енгізілген аурулары бар және диспансерлік бақылауда тұрған пациенттер дәрілік препараттарды алуға құқылы.

    Дәрілік препараттарды алу үшін пациентке:

    • тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігерге немесе бейінді маманға жүгіну;
    • медициналық көрсетілімдер болған жағдайда тексеруден өтіп, диспансерлік бақылауда болу;
    • медициналық ақпараттық жүйеде рәсімделген рецепт алу;
    • амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бағдарламасына қатысатын дәріхана ұйымына жүгіну қажет.

    Дәрілік заттарды тағайындау диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына, сондай-ақ медициналық көмек көрсетудің бекітілген стандарттарына сәйкес медицина қызметкерімен жүзеге асырылады.

    Білу маңызды:

    • дәрілік заттар тек дәрігердің тағайындауы бойынша босатылады;
    • қамтамасыз ету бекітілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесі шегінде жүзеге асырылады;
    • препараттарды алу кезінде жеке басын куәландыратын құжатты көрсету қажет;
    • сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар емдеуші дәрігерге, медициналық ұйымның пациенттерді қолдау қызметіне немесе Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаментіне жүгіне алады.

    Медициналық көмекке уақытылы жүгіну және дәрігердің ұсынымдарын сақтау тиімді емделудің әрі қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етілудің маңызды шарттары болып табылады.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.