Мәдениет мерекесі атап өтілді

    atyrau-madeniet·
    Мәдениет мерекесі атап өтілді

    МӘДЕНИЕТ МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ

    21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс алаңында «Мәдениет маржандары» атты ауқымды мерекелік шара өтті.

    Салтанатты кешке мәдениет саласының ардагерлері, өнер майталмандары, шығармашылық ұжымдар мен қала тұрғындары қатысты. Мерекелік шара Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің орындауындағы әсерлі музыкалық композициялармен басталып, ұлттық би мен сахналық қойылымдарға ұласты.

    Кеш барысында мәдениет пен өнер саласының дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар мамандар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, Құрмет грамотасымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

    Салтанатты шарада Атырау облысының мәдениет саласындағы жетістіктері кеңінен айтылып, өңірде халыққа рухани қызмет көрсететін 243 мәдениет мекемесі мен 3000-нан астам мәдениет қызметкерінің еңбегі ерекше аталып өтті.

    Мерекелік кеште Қазақстанның Халық әртісі Айгүл Үлкенбаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гүлмайдан Сүндетова, облыстық филармония әншілері мен шығармашылық ұжымдары, аудан өнерпаздары және жас таланттар өнер көрсетті. Сонымен қатар кештің арнайы қонағы — көпшілікке танымал ALEM көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.

    Өнер мен мәдениеттің мерейін асқақтатқан кеш көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, рухани әсерге толы думанды мерекеге айналды.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.