СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАРШАМЫЗДЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІМІЗ

    turkestan-otyrar-qogam·
    СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАРШАМЫЗДЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІМІЗ
    Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әрбір азаматтың санасында адалдық пен әділдік құндылықтарын қалыптастыру – еліміздің тұрақты дамуы мен болашағының кепілі. Осы мақсатта Қоғам ауыл округінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті арттыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидасын орнықтыру бағытында бірқатар кешенді жұмыстар жүргізілуде.
    Кездесуге ауыл округінің қызметкерлері қатысты. Жиында сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекет дамуына тигізетін кері әсері, оның алдын алу тетіктері мен құқықтық жауапкершілік шаралары, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы мен Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің негізгі талаптары кеңінен түсіндірілді.
    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.