Қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

    emer-zhambyl·
    Қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

    Байзақ ауданы аумағында орналасқан «Алди и К» ЖШС тұрмыстық қалдықтарды өңдеу полигонында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында полигон қызметкерлеріне өрттің алдын алу шаралары, өрт шыққан жағдайда алғашқы іс-қимыл тәртібі, өрт сөндіру құралдарын дұрыс пайдалану және олардың жарамдылығын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар, қоқыс полигоны аумағын құрғақ шөптер мен жанғыш қалдықтардан уақтылы тазалау, арнайы техникалардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету және тәулік бойы бақылауды ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсынымдар беріліп, профилактикалық жадынамалар таратылды.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.