Тілдік лагерьдің аяқталуы туралы

    Тілдік лагерьдің аяқталуы туралы

    Солтүстік Қазақстан облысында 2026 жылғы маусымның 1-5 күндері аралығында 18 жастан асқан этнос өкілдеріне арналған 5 күндік тілдік лагерь ұйымдастырылды.

    Шараның басты мақсаты – тілдік орта құру, этнос өкілдерінің қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылықтарын арттыру және қазақ халқының салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын насихаттау болды.

    Тілдік лагерьге түрлі этнос өкілдерінен құралған 20 адам қатысты. Жоба аясында ұлттық құндылықтарды насихаттауға ерекше көңіл бөлінді.

    Қатысушылар қазақ халқының мәдени мұрасымен байланысты тарихи орындарды аралап, ұлттық тағамдарды дайындау бойынша шеберлік сабақтарына қатысты.

    Сонымен қатар ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Заманауи инновациялық технологияларды қолдана отырып өткізілген сабақтарда қатысушылар еркін әрі жайлы атмосферада, тікелей қарым-қатынас пен тәжірибе арқылы қазақ тілін меңгеріп, тілдік дағдыларын жетілдірді.

    Іс-шараны өткізу үшін ұлттық нақышта жабдықталған киіз үй, ұлттық тағам дайындау аймағы, техникалық құралдармен қамтылған оқу орны және демалыс алаңдары ұйымдастырылды.

    Қатысушылар қажетті оқу-әдістемелік материалдармен, таратпа өнімдермен қамтамасыз етілді. Лагерь жұмысының соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.