
1 маусым күні әртүрлі этнос өкілдеріне арналған тілдік лагерьдің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы М.Т. Науанова, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Қ.К. Оспанов, қалалық мәслихат депутаты, облыс әкімінің кеңесшісі З. Мамлютов қатысты.
Жобаның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілді тілдік орта арқылы үйрету, қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, рухани құндылықтарын насихаттау.
Лагерь бағдарламасында қазақ тілі сабақтары, сөйлеу практикасы, шеберлік сағаттары, қазақ халқының дәстүрлерімен, ұлттық ойындарымен және ас мәзірімен танысу қарастырылған.
Сабақтар күн сайын сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін өткізіледі.
Лагерь жұмысын ұйымдастыру үшін оқу кабинеттері, ойын алаңдары және ұлттық нақышта безендірілген киіз үй дайындалды. Барлық қатысушылар қажетті оқу және үлестірмелі материалдармен қамтамасыз етілген. Жоба соңында қатысушыларға сертификаттар табысталады.



