Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

    emer-mangystau·
    Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

    Жаңаөзен қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы мен «KMG EP-Catering» компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында балаларға арналған жүзу сабақтары ұйымдастырылуда.

    Жоба шеңберінде балаларға суда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері, жүзудің бастапқы дағдылары, су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары және төтенше жағдай кезінде өзін-өзі құтқару тәсілдері үйретілуде.

    Сабақтар «Кендірлі құтқару жасағының» тәжірибелі нұсқаушыларының жетекшілігімен өткізіліп, балалардың суда өздерін сенімді әрі қауіпсіз ұстауына бағытталған.

    Аталған бастама балалардың жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздігін арттыруға және судағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді.

    Жаңаөзен қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ата-аналарды балалардың судағы қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырады.

    Маңғыстау облысы ТЖД

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.